2021 жыл елеулі күнмен – Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен ерекшеленді. Қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде, жанқиярлық еңбегімен, өзіне және елге деген сеніммен, өз балалары үшін ең жақсы болашақ туралы арманмен тәуелсіз, тез дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті және әлемде құрметті мемлекет құрды. Ресубликада қазақстандық жастардың әлемнің кез келген жерінде тең болуы үшін берік іргетас қаланды.
Бүгінде еліміз әлеуметтік жаңғырту, инновациялық индустрияландыру және өзара тиімді экономикалық интеграция бойынша жаңа ауқымды міндеттер қойып отыр.
Қазақстан жастары – бұл мемлекетпен бірге өскен ұрпақ.
Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік аға буынның жасампаз істер эстафетасын жалғастыратын ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеретін, XXI ғасырда Қазақстанның гүлденуі мен танылуын қамтамасыз ететін жас ұрпаққа жүктеледі.
Мұндай миссия тек патриоттық, білімді, кәсіби, дені сау және адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапты жастардың қолында.
«Біз – Тәуелсіздіктің ұрпағымыз» шығармашылық жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде өткізіледі және еліміздің, Қарағанды облысының жетістіктерін насихаттауға, әр түрлі салаларда қызмет етіп, елеулі еңбек қосқан, ғылыми, қоғамдық, саяси және басқа да салаларда жобалар әзірлеп, енгізген жастардың жетістіктерін танымал етуге бағытталған.
Жобаның құрылтайшылары:
- Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
- «Қазақстан» телерадиокомпаниясы» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы
Жобаның ұйымдастырушылары:
- «Сарыжайлау» кинотеатры» КМҚК-ы
- «Saryarqa» телеарнасы
Жобаға өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірістік ұжымдары, әлеуметтік сала мекемелері, оқу орындары және кәсіби, қоғамдық және басқа да салаларда жетістіктерге жетуде елеулі табыстармен ерекшеленген жеке кәсіпкерлер қатысады. Қатысушылардың жасы 18-ден 35 жасқа дейін.