Барлығы мослада: ұрпақтар шайқасы
Сипаттама
Әлемде белгілі тұлғаларға тиесілі бірнеше Ұлы Асықтар бар: Шыңғысхан, Тутанхамон, Македонский, Аристотель, Наполеон және Ван Гог. Бұл ерекше коллекцияны жинаған адам бір тілек тілей алады, және болжам бойынша, ол бірден орындалады.
Біздің фантастикалық оқиға жас Әлем чемпиондары мен елдің алғашқы чемпиондары — аға буын өкілдері арасындағы Асықтар ойынының Дәуірлер Кубогына дайындық кезінде басталады.
Қарттар командасының капитаны бірнеше Ұлы Асықтардың сақтаушыларының отбасынан шыққан. Қалған артефактілер жас чемпиондар командасының иесінде. Олардың арасында Ұлы Асықтарға иелік ету, кейіпкерлердің махаббаты және бүкіл әлемдегі көптеген адамдардың тағдыры үшін күрес басталады.