Республика күнін мерекелеу аясында «Сарыжайлау» кинотеатрында «Елім деп соғар жүрегім» жастар фестивалі өтті.
Фестиваль бағдарламасына келесі оқу орындары қатысты:
- Қарағанды жоғары политехникалық колледжі
- Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі
- Қазіргі заманғы көп салалы колледж
- Қарағанды жоғары мейірбикелік колледжі.
Іс-шара өте көңілді нотада өтті! Әр оқу орнының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының қаһармандық тарихының үзінділерін, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, еліміздің қазіргі жетістіктерін қамтитын қызықты да мазмұнды бағдарлама дайындады.
Әр команданың өнерін қолдау тобы сүйемелдеді. Іс-шараның барлық қатысушылары естелік сыйлықтарға ие болды.