Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында театр сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, аудармашы, профессор, педагог Әшірбек Сығай атындағы республикалық театрлар фестивалі өтіп жатыр.
Қазанның 13-і «Сарыжайлау» кинотеатрында Ә.Сығайдың жары – К.Сығай, Қазақстанның халық артисі Т.Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ә.Оразбеков, режиссерлер Ж.Жұманбай мен Д.Құнанбай, К.Станиславский атындағы театрдың басшысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, актер-режиссер Д.Еспаев студенттермен кездесті.
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері Ә.Сығайдың өмірі мен шығармашылық еңбек жолы туралы деректі фильмді тамашалады.