«Сарыжайлау» кинотеатры» КМҚК-ы 22.02.2011ж. тіркелген. Қарағанды облыстық әкімдігі уәкілетті орган болып табылады, мемлекеттік басқарушы орган – Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
«Сарыжайлау» кинотеатры құрылған күннен бастап, қарағандылықтардың рухани демалатын орны ғана емес, тәрбиелік – ағартушылық мәні мен мазмұны бар киносабақтар, фестивальдар, байқаулар, кинокештер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық көрмелер сияқты қызғылықты жобалар өтіп тұратын мәдени орталық. Мұнда көрермендермен ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тақырыптарына арналған келелі әңгімелер өткізіледі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша көптеген мазмұнды кездесулер болып тұрады, қазақ тіліндегі фильмдерді көрсету арқылы мемлекеттік тіл насихатталады. Кинотеатрдың репертуарында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген отандық картиналар міндетті түрде орын алады және оларды түрлі жастағы көрермендер қызыға тамашалайды.
Кинотеатрдың басты бағыттарының қатарында көрермендеріне патриоттық, тарихи және азаматтық-әлеуметтік тақырыптағы фильмдер көрсету болып табылады. Ондай картиналардың қатарында «Қазақфильм» киностудиясының «Елбасы жолы» киноэпопеясы, А.Сатаевтың «Жаужүрек мың бала», «Дорога к матери» фильмдері, Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» картинасы, сондай-ақ «Құнанбай», «Жамбыл», «Қазақ хандығы», «Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Томирис» тарихи картиналары, «Айка», «Мне 20», «Жас ұлан», «Дорога домой» жастарға арналған фильмдері, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары туралы «Жас Ұлан» «Әйгерім» фильмдері, киностудияның «Сақ» — «Қазақ елі», «Музбалак», «Культегин» сияқты анимациялық картиналары бар.
Кинотеатрдың бағаға қатысты ұстанған қолайлы саясаты тұрғындардың барлық топтарына кинотеатр есігін айқара ашты. Ересектерге арналған билеттің бағасы – 500 теңге болса, студенттер мен зейнеткерлер үшін – 400 теңге, балаларға арналған билет бағалары – 300 теңге ғана.
Кинотеатрда қазақстандың деректі картиналарды насихаттау жүйелі түрде жүргізіп отырады. Кинотеатр репертуарына кірген деректі отандық фильмдер қатарында Ж. Жабаев пен Ә. Бөкейхановтар туралы– «Тау тұлға», Қ. Аманжоловтың 100 жылдығына арналған деректі картиналар, «Карлаг туралы сага», «Дешті -Қыпшақ», «Казахстан – открытие мира», «Таңбалы тас», «Абзалдың елі», «Спасая сердца людей», «Сағадат Нұрмағамбетов», «Жамбыл Жабаев», «Қазыбек би», «Көмекей әулие», «Қарқаралы», «Нуркен Абдиров. Самый младший из моих сыновей», «Әкеме» деректі картиналары болды.
Қазіргі уақытта «Сарыжайлау» кинотеатры қазақстандық жаңа картиналардың премьерасы өткізіліп тұратын басты алаңға айналған. Кинотеатрда отандық картиналарды түсіруші шығармашылық топтармен көптеген қызықты да, тағлымдық-тәрбиелік кездесулер болады. Жылына кемінде осындай 5 премьера өтеді.