Саңлақ саясаткер, майталман мәмлегер Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына орай Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қазақтың ұлы үш биінің бірі - кемеңгер тұлғаның өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильм түсірген болатын. Картина түсіру идеясы Қарағанды облысының басшылығына тиесілі болса, фильмді жарыққа шығаруға Қазақстан республикасыныің Мәдениет және спорт министрлігі қолдау жасады. «Қазыбек би» картинасының түсірілімдері Қарағанды және Павлодар облыстарында жүргізілді. Астанада дара да, дана бидің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеп, зерделеген тарихшы- ғалымдардан сұқбаттар жазылып алынды. Фильмде кино мен театрдың кәсіби актерлері қатысқан эпизодтар бар... Бізде қонақта болған «Қазыбек би» деректі картинасының шығармашылық тобы:
- Ерлан Төлеутай - сценарий авторы және тең режиссері, ақын, өнертанушы; (Алматы)
- Нұржан Жұманов – фильмнің продюсері; (Алматы)
- Бекболат Шекеров – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының деректі фильмдер бойынша сарапшылық кеңесінің тең төрағасы; (Алматы)
- Марс Омаров - қоюшы-оператор; (Алматы)
- Қайрат Кемалов - Қазыбек бидің рөлін сомдаған актер, С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының артисі, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері. (Қарағанды)
Деректі картинаның премьерасы 2018 жылдың 26 қаңтары, күні сағ. 16.00- де «Сарыжайлау» кинотеатрында өтті