«Сарыжайлау» кинотеатры» КМҚК-ы 22.02.2011ж. тіркелген. Қарағанды облыстық әкімдігі уәкілетті орган болып табылады, мемлекеттік басқарушы орган – Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
«Сарыжайлау» кинотеатры қарағандылықтардың рухани демалатын орны ғана емес, тәрбиелік – ағартушылық мәні мен мазмұны бар киносабақтар, фестивальдар, байқаулар, кинокештер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық көрмелер сияқты қызғылықты жобалар өтіп тұратын мәдени орталық. Мұнда көрермендермен ұрпаққа патриоттық тәрбие беру тақырыптарына арналған келелі әңгімелер өткізіледі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша көптеген мазмұнды кездесулер болып тұрады, қазақ тіліндегі фильмдерді көрсету арқылы мемлекеттік тіл насихатталады. Кинотеатрдың репертуарында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген отандық картиналар міндетті түрде орын алады және оларды түрлі жастағы көрермендер қызыға тамашалайды.