Отандық киноөнерін насихаттау мақсатында және облыста кинотеатрлар жүйесінің жоқтығын ескере отырып, біз республикада алғашқы болып, аймақтың алыс аудандары мен ауылдарына барып кино көрсету, яғни көшпелі кино көрсету тәжірибесін енгіздік.
Кинотеатрда қазақстандық картиналарды насихаттау жүйелі және жемісті түрде жүргізіліп отырады. Көрермендердің үштен бірі «Сарыжайлау» кинотеатрының қызметкерлері әкеліп көрсеткен көшпелі фильмдерді тамашалаған алыс ауылдар мен шалғайдағы аудан, қалалардың тұрғындары.