«Қарағанды – достық пен бірліктің мекені» облыстық шығармашылық жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілді. Жоба Алғыс айту күні қарсаңында басталды, оған облыстық этномәдени бірлестіктердің ұжымдары қатысты.
Нәтижесі «Saryarqa» телеарнасында көрсетілген және әлеуметтік желілерде орналастырылған бір сағаттық бағдарлама болды.
Шығармашылық жоба екі айға созылды. Жобаның аяқталуы Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылып, облыстың барлық өңірлерінің тұрғындары – түрлі жастағы этностар мен этникалық топтардың өкілдері қамтылды.
Жобаға қалалар мен аудандардың 50-ден астам этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары қатысып, бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік, патриотизм, туған жерге, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік идеяларын насихаттады.