Skip to content

04.01.2024 күні №4 педагогикалық кеңес отырыс

#Жаңажылдарыңызбен

#Жаңажылдыңалғашқыкүндері

#Педагогикалықкеңес№4

04.01.2024 күні №4 педагогикалық кеңес отырысы болып өтті. Мектепішілік қаңтар кеңесі жобасымен әзірленген кеңес жұмысы екі бөлімнен: бірлестіктердің секциялық отырысы және пленарлық сессиядан құралды.

09:30-10:30 аралығында «5 НЕГЕ?» ережесімен ең күрделі мәселені де шеше аламыз» тақырыбында әр бірлестіктің секциялық отырысы өтті. Мақсаты: Мектептегі білім сапасының төмендігіне әсер ететін жағдайларды талқылап, сапаны арттыру жолында шаралау қабылдау.

Секциялық отырыстар аяқталғасын 10:30-11:00 арасында кофе-брейк ұйымдастырылып, 11:00-ден бастап 13:00-ке дейін мектептің мәдени шаралар залында пленарлық сессияға жалғасты.

Пленарлық сессия тақырыбы: «Білім берудің басты мақсаты – шығармашыл тұлғаны қалыптастыру». Жоспарлы мәселелерге сай бақылау қорытындылары тыңдалып, «5 НЕГЕ?» ережесімен өз секцияларында талқыланған мәселелер бойынша әр бірлестіктің ұсыныстары талданды. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашу, оны алға қарай дамыту жолдарын бірлесе талқылау, білім сапасын арттыру жолында өзекті проблемаларды шешуге бағытталған кезекті педагогикалық кеңес жұмысы өте жоғары деңгейде өтті.

Алдағы жаңа жылда жаңа серпін, тың идеялармен қуаттанып, еліміздің келешегін құрайтын жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде бірігіп жұмыстана берейік.

(14) Facebook

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *