«Алаш-Орда» Автономиясының құрылғанына 105 жыл толуы мен сол «Алаш-Орда». Автономиясының алғашқы төрағасы Әлихан Бөкейханның есімінің бұрынғы. Октябрь ауданына берілгендігіне бір жыл толуын атап өтудің руханияттық шараларының қолға алынып жатқандығы бағаларлық бастама. Алаш қозғалысының саяси жетекшісі, Алаш қайраткері, дария білімді ғұлама ғалым, ұлт көсемі, энциклопедист, тарихшы, ғасыр адамы, ЮНЕСКО-ның бас конференциясында «Бүкіләлемдік шынайы, даңқты қайраткер» деп танылған дара тұлға Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен күрес жолы және ұлы тұлғаның рухын ұлықтау шаралары туралы тың деректермен есімі берілген аудан жұртшылығын, мектеп оқушыларын, жастарды тереңірек таныстыру мақсатында Әлиханның шырақшысы, өлкетанушы Тұңғышбай Мұқан, продюссер немересі Медеу Әбеузар Чапайұлымен бір сағаттық «Әлихан – ұлт азаттық күрескері» деректі фильмінің Тәуелсіздік күніне арналған көрсетіліміне шақырамыз.
Өтетін күні: 2022 жылғы 15 желтоқсан
Уақыты: 15.00
Кіру тегін